Добавить
Уведомления

Алматыдағы Сайран көлінде жағажай ашылды

Алматыдағы Сайран көлінің жағалауына күрделі көріктендіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде суға шомылып, күнге қыздырынуға келушілердің саны еселеп артып отыр. Қалалық әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, Сайрандағы жұмыстар мұнымен аяқталмайды. Бұрын демалыс орындары Сайранның шығыс жағында ғана болса, енді батыс жағасына да құм төселіп, жағажай жасалды. Көгалдандырылып, шатырлар мен орындықтар орнатылды. Балаларға арналған ойын алаңдары бар. Жалпы жағажайды көріктендіру жұмыстарына қала бюджетінен 160 млн. теңге жұмсалған. Жағажайға кіру тегін. Анатолий Козлов, Алматы қаласының тұрғыны -Су керемет. Бұрынғы жылдармен салыстырғанда өте әдемі. Оның үстіне ыңғайлы, алысқа барып әуре болмаймын. Шомылуға келушілер үшін қоғамдық тамақтандыру орындары жұмыс істейді. Катамаран алып, серуендеуге болады. Жағажайды жайлы ету үшін 500 машина Қапшағайдың құмы төселген. Сайранды алматылықтардың сүйікті демалыс орындарының біріне айналдыру үшін күзде тағы бір жоба қолға алынбақ.

12+
17 просмотров
2 года назад

, чтобы оставлять комментарии