Добавить
Уведомления

Тарих және қоғамдық пәндер әдістемелік бірлестігінің "Үздік бірлестік" сайысына арналған визитка

Тарих және қоғамдық пәндер әдістемелік бірлестігінің тақырыбы: «Тарих сабағында оқушылардың бойына жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру-бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу». Мектебімізде тарих пәні әдістемелік бірлестігінде 8 тарихшы бар, олар педагог – зерттеуші:Бейсекеева А.Т.,Юсупова З.А., педаогог-сарапшы -Каражанова Б.М.,Набиденова А.Н., педагог-модератор –Усембаева А.С.,Таубай З., жас мамандар-Әзімбай С.Қ.,Сәден А.М. ӘБ жетекшісі-Усембаева А.С. Әрбір тарих пәні мұғалімінің басты мақсаты: мәдениетті түрде білімді, іскер, жеке тұлғаны дамыту, ұлтымыздың рухын көтеру, осы мақсатқа жетет індей тиімді жол іздеу. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету – әрбір ұстаздың абыройлы борышыТарихты оқыту – өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі үрдіс. Қазір білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінде қажеттілігін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану – басты талап. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Біздің заманымыз – өткен дәуірдің перзенті, келер заманның атасы» деп айтқан әйгілі сөзі айнымай келді. Тарихымызды түгендеу, түп тамырымызды тану Тәуелсіздіктің арқасында жүзеге асты. Биыл Қазақ елінің еркіндік алып, өз тәуелсіздігін жариялағанына отыз жыл! Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында «Біз кезінде елге қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен Алаш қайраткерлерінен тағылым аламыз. Олар өткен ғасырдың басында тәуелсіздік идеяларын халық арасында дәріптеуге зор еңбек сіңіріп, азаттық жолында құрбан болды. Тәуелсіздігіміздің мерейтойы аясында осындай біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек» деп өткенге тағзым етіп, бүгінгі бірлікті бекемдей түсті. Азаттығымыз мәңгілік, еркіндігіміз ғұмырлы, тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, қазақ елінде бейбітшілік салтанат құрсын деп тілейміз!

Иконка канала Mental Mastery
3 подписчика
12+
Год назад

, чтобы оставлять комментарии